ТЕННИСТРЕНДТЕ

Аустралия ашық чемпионаты: Юлия Путинцева алғашқы матчын жеңіспен бастады

Қазақстанның әйелдер теннисіндегі жетекші ойыншыларының бірі Юлия Путинцева Australian Open-2026 турнирінің бірінші айналымында бразилиялық Беатрис Хаддад Майяны ұтты.

Матч үш сетке созылды және тартысты өтті. Жекпе-жек нәтижесі – 3:6, 7:5, 6:3. Үшінші сетте Путинцева 1:3 есебімен қалып қойғанымен, қатарынан бес гейм ұтып, матчты өз пайдасына аяқтады. Кездесу екі сағат 53 минутқа созылды.

Статистика бойынша:

  • Путинцева – 3 эйс, 6 брейк (15 мүмкіндіктен)

  • Хаддад Майя – 1 эйс, 5 брейк (12 мүмкіндіктен)

Бразилиялық теннисші рейтингте жоғары тұрғандықтан фаворит саналса да, қазақстандық спортшы ойын үлгісін өзгертіп, шешуші сәттерде сенімді әрекет етті.

Келесі айналымда Путинцева Марта Костюк (Украина, WTA №20) немесе Эльза Жакемо (Франция, WTA №58) қарсы ойнайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button