ҚЫСҚЫ СПОРТ
Шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін анықтады.
Әлем біріншілігі 29 қаңтар мен 1 ақпан аралығында АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтеді.
Маңызды халықаралық додада ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды:
-
Тамерлан Жолдас
-
Анастасия Галечина
-
Богдан Вехов
-
Гүлдана Жалмұхан
-
Павел Цой
-
Полина Омельчук
-
Қасымбек Асылхан
-
Нұрия Алпысбай



