ҚЫСҚЫ СПОРТ
Қазақстандық биатлоншылар Германиядағы эстафетада өнер көрсетті

Қазақстан ерлер құрамасы биатлоннан Германияның Рупольдинг қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде эстафеталық сайысқа қатысты.
Бұл жарыста ел намысын Владислав Киреев, Александр Мухин, Кирилл Бауэр және Вадим Куралес қорғады. Спортшылар 4×7,5 шақырым қашықтықты сегіз қосымша оқпен бағындырып, жалпы қорытындыда 18-орынға тұрақтады.
Сайыста Франция құрамасы жеңімпаз атанса, Норвегия екінші орынға ие болды. Германия үздік үштікті түйіндеді.



