
Футболдан 2026/27 жылғы UEFA Ұлттар лигасының топтық кезеңіне арналған жеребе 12 ақпанда өтеді.
Бұл маусымда Қазақстан ұлттық құрамасы С лигасында ойнайды. Жеребе алдында ел құрамасы бірінші себетке орналасты. Онда Қазақстанмен бірге Исландия, Албания және Черногория бар.
2024/25 маусымында Қазақстан құрамасы В лигасында өнер көрсетіп, алты матчтың бесеуінде жеңіліп, біреуінде тең түскен еді. Нәтижесінде топтың соңында қалып, қайтадан С лигасына түсті.
Себеттердің қазіргі құрамы
А лигасы
1: Португалия, Испания, Франция, Германия
2: Италия, Нидерланд, Дания, Хорватия
3: Сербия, Бельгия, Англия, Норвегия
4: Уэльс, Чехия, Грекия, Түркия
В лигасы
1: Шотландия, Венгрия, Польша, Израиль
2: Швейцария, Босния және Герцеговина, Аустрия, Украина
3: Словения, Грузия, Ирландия, Румыния
4: Швеция, Солтүстік Македония, Солтүстік Ирландия, Косово
С лигасы
1: Исландия, Албания, Черногория, Қазақстан
2: Финляндия, Словакия, Болгария, Армения
3: Беларусь, Фарер аралдары, Кипр, Эстония
4: Латвия/Гибралтар, Люксембург/Мальта, Молдова, Сан-Марино
D лигасы
1: Әзербайжан, Литва
2: Латвия/Гибралтар, Люксембург/Мальта, Лихтенштейн, Андорра
2026/27 маусым күнтізбесі
1 тур — 24–26 қыркүйек 2026
2 тур — 27–30 қыркүйек 2026
3 тур — 30 қыркүйек – 3 қазан 2026
4 тур — 4–6 қазан 2026
5 тур — 12–14 қараша 2026
6 тур — 15–17 қараша 2026
Ширек финал/плей-офф — 25–30 наурыз 2027



