
Доха (Қатар) қаласында стенд атудан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетіп, барлығы бес медальға ие болды. Жүлделер қоржынында екі алтын, бір күміс және екі қола бар.
Әйелдер арасындағы «скит» сайысында Адель Садақбаева алтын медаль алды. Осы санатта Ольга Хайлова қола жүлде иеленді. Сонымен қатар әйелдер құрамасы да («скит») командалық есепте чемпион атанды. Құрама сапында Адель Садақбаева, Ольга Хайлова және Әсем Орынбай өнер көрсетті.
Ерлер арасында Эдуард Ещенко «скит» сайысында күміс медальға қол жеткізді. Ал ерлер құрамасы (Ратмир Еникеев, Эдуард Ещенко, Илья Пеньков) командалық сында қола жүлде алды.
Азия чемпионаты 22 қаңтарға дейін жалғасады.



