
Мельбурн қаласында Australian Open-2026 турнирінің жеребесі тартылды. Жекелей сында бақ сынайтын қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары анықталды.
Әйелдер арасындағы жекелей сын:
-
Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда WTA рейтингінде 97-орындағы словениялық Кайя Юванмен кездеседі.
-
104-орында тұрған Юлия Путинцева әлемнің 58-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен шеберлік байқасады.
-
246-сатыдағы Зарина Дияс әлемнің 25-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосаға қарсы кортқа шығады.
Ерлер арасындағы жекелей сын:
-
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик бастапқы матчында рейтингіде 48-орындағы америкалық Джейсон Бруксбимен ойнайды.
-
ATP рейтингінде 104-орындағы Александр Шевченко іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кездеседі.
Australian Open-2026 турнирі 18 қаңтарда басталады.



