БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан құрамасы WTT Star Contender Doha турнирін бастады: алғашқы нәтижелер белгілі болды

Дохада (Қатар) үстел теннисінен WTT Star Contender Doha 2026 турнирі өтіп жатыр. Қазақстан теннисшілері жарыстың алғашқы күнінде жекелей сында іріктеу кезеңіндегі матчтарын өткізді.
Жекелей сын — іріктеу кезеңі:
-
Ескендір Харки — Али Альхадрави (Сауд Арабиясы) — 2:3
-
Сарвиноз Миркадирова — Марьям Али (Қатар) — 3:0
-
Сарвиноз Миркадирова — Хуан Ю-Цзе (Тайбэй) — 0:3
Қазақстандық теннисшілер жекелей сында негізгі жеребеге өте алмады. Енді олар жарысты жұптық және аралас жұптық сайыстарда жалғастырады.


