ТЕННИСТРЕНДТЕ

Australian Open-2026: Қазақстан құрамынан бес теннисші негізгі кезеңге өтті

Аустралияның Мельбурн қаласында жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі — Australian Open-2026 іріктеу кезеңі басталды.

Бұл кезеңде Қазақстан атынан Дмитрий Попко кортқа шығып, америкалық Маккензи Макдональдқа алғашқы айналымда жол берді. Осылайша ол негізгі жеребеге ілінбей жарыс жолын аяқтады.

Нәтижесінде турнирдің негізгі кезеңінде Қазақстан құрамынан бес теннисші өнер көрсетеді. Жекелей сында Елена Рыбакина, Александр Бублик және Александр Шевченко бақ сынаса, әйелдер құрамынан Зарина Дияс пен Юлия Путинцева жарысқа қатысады.

Отандастарымыз Australian Open-2026 турнирінде жеңіс пен рейтингтік ұпайлар үшін кортқа шығады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button