ТЕННИС

Анна Данилина Аустралиядағы WTA 500 турнирінің жартылай финалына өтті

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Аделаидада (Аустралия) өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты. Ол жұптық сында сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетуде.

Ширек финалда Данилина мен Крунич чехиялық Мари Боузкова — бразилиялық Луиза Стефани дуэтімен кездесуі тиіс болатын. Алайда қарсыластары жарысты жалғастыра алмай, матчқа шыққан жоқ.

Осының нәтижесінде қазақстандық және сербиялық жұп турнирдің жартылай финалына автоматты түрде жолдама алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button