БАСҚАЛАРЫ

Руслан Курбанов Әлем кубогында үздік он бірлікке енді

БАӘ-нің Фуджейра қаласында семсерлесуден ерлер арасындағы Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Жеке сында Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижені Руслан Курбанов көрсетті. Ол 1/8 финалға дейін жетіп, жарысты 11-орынмен түйіндеді.

Қалған отандастарымыздың нәтижесі төмендегідей:

  • Ерлік Сертай — 30-орын

  • Никита Жулинский — 32-орын

  • Кирилл Павлов — 38-орын

  • Кирилл Проходов — 58-орын

  • Александр Федотов — 95-орын

  • Эльмир Әлімжанов — 98-орын

  • Вадим Шарлаимов — 116-орын

  • Алексей Касаткин — 136-орын

  • Георгий Тинников — 174-орын

Командалық жарыста Қазақстан құрамасы 13-орын алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button