
Қазақстан құрамасы теннистен ерлер және әйелдер арасындағы әлемдік рейтингтің алғашқы ондығына енген мемлекеттердің қатарына кірді. Қазіргі таңда мұндай көрсеткішке тек АҚШ және Италия ғана қол жеткізіп отыр.
Қазақстанның бұл жетістігі ұлттық құраманың көшбасшыларының табысты өнер көрсетуінің арқасында мүмкін болды.
Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингінің үздік ондығында тұрақ позициясын сақтап, 2026 жылды 5-орынмен бастады.
Ал ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик жуырда Гонконг ATP турнирінде жеңіске жетіп, мансабындағы тоғызыншы титулын алды. Осы нәтижеден кейін ол ATP рейтингінде 10-орынға көтерілді — бұл қазақстандық ерлер теннисі тарихындағы тұңғыш нәтиже.
Бұдан бөлек, Қазақстанның әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының рейтингінде де үздік ондықтың ішінде тұр.



