БАСҚАЛАРЫ

Қатарда өтетін үстел теннисі турнирінде қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары белгілі болды

13–18 қаңтар аралығында Дохада (Қатар) үстел теннисінен WTT Star Contender Doha турнирі өтеді. Додаға әлемнің үздік спортшылары қатысады. Олардың қатарында Лин Шидун (Қытай, №2), Уго Кальдерано (Бразилия, №3), Томоказу Харимото (Жапония, №5), Лян Цзинкунь (Қытай, №7), Лин Юн-Чжу (Тайбэй, №9), сондай-ақ әйелдерден Куай Мэн (Қытай, №3), Чжу Юлин (Макао, №7), Че И (Қытай, №8), Шин Юбин (Оңтүстік Корея, №12) бар.

Қазақстан атынан Ескендір Харки мен Сарвиноз Миркадирова қатысады. Жеребе қорытындысы бойынша іріктеу кезеңіндегі алғашқы қарсыластары анықталды.

Жекелей сын:

  • Ескендір Харки — Али Альхадрави (Сауд Арабиясы)

  • Сарвиноз Миркадирова — Марьям Али (Қатар)

Әйелдер жұптық сыны:

  • Сарвиноз Миркадирова / Лилу Массарт (Қазақстан / Бельгия) — Маника Батра / Дия Читале (Үндістан)

Аралас жұптық сыны:

  • Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова — Чен Юнсонг / Цинь Юйсюань (Қытай)

Басқа жаңалықтар

Back to top button