ФУТБОЛ
Қазақстан кубогі: футзалдан әйелдер арасындағы алғашқы жеңімпаз белгілі болды

Алматы қаласында әйелдер арасында тұңғыш рет ұйымдастырылған Қазақстан кубогі аяқталды.
Бұл жаңа форматтағы жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 12 команда қатысып, жүлде үшін бақ сынады. Турнир қорытындысы бойынша Қызылордадағы Korkyt Ata University командасы үздік нәтижеге қол жеткізді.
Финалда қызылордалық команда Шымкенттің Dostyk University ұжымын 2:1 есебімен жеңіп, Қазақстан кубогінің алғашқы иегері атанды.
Үшінші орын үшін өткен кездесуде Алматының «Қайрат» командасы «Ақтөбені» 5:1 есебімен тізе бүктіріп, қола медальға ие болды.



