
Жаңартылған әлемдік рейтингіде қазақстандық теннисшілердің көрсеткіштері белгілі болды.
Гонконгте өткен ATP 250 турнирінде чемпион атанған Александр Бублик 11-ден 10-орынға көтеріліп, ерлер арасындағы ATP рейтингінде ТОП-10-ға енген алғашқы қазақстандық теннисші атанды.
Александр Шевченко да өз позициясын жақсартып, 106-орыннан 104-орынға көтерілді. Ал өткен аптада Бангалор турнирінің финалына шыққан Тимофей Скатов 235-тен 195-орынға бірден секірді.
Әйелдер рейтингінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA-ның жаңартылған тізімінде 5-орынды сақтап қалды. Юлия Путинцева 74-тен 105-ке түсті. Жұптық сында Анна Данилина 14-орында тұр.



