БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстандық Анар Бурашева әлемдегі ең биік жеті шыңды бағындырды

Қазақстандық танымал альпинист Анар Бурашева «Жеті шың» (Seven Summits) бағдарламасын толық аяқтады. Ол әлемнің барлық құрлығындағы ең биік жеті шыңды бағындырып, бұл межені Қазақстан мен Орталық Азия тарихында ең алғаш орындаған әйел атанды.

Анар Бурашева бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, тарихи нәтижеге қол жеткізу Антарктидадағы Винсон тау шыңына шығумен мүмкін болды.

— Екі жылға созылған тарих. «7 шың» жобасы. Қазақстан мен Орталық Азиядан шыққан алғашқы әйел. Қазір барлық сезімді сөзбен жеткізу қиын — олар тым көп, — деп жазды альпинист.

Бурашева соңғы екі жыл ішінде төмендегі жеті шыңды бағындырды:

  • Эверест (Азия, 8818 м)

  • Аконкагуа (Оңтүстік Америка, 6962 м)

  • Денали (Солтүстік Америка, 6194 м)

  • Килиманджаро (Африка, 5895 м)

  • Эльбрус (Еуропа, 5642 м)

  • Винсон массиві (Антарктида, 4897 м)

  • Карстенз пирамидасы (Австралия – Океания, 4884 м)

Басқа жаңалықтар

Back to top button