ТЕННИСТРЕНДТЕ

Александр Бублик Гонконг ATP турнирінде жеңімпаз атанды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик Гонконгте өткен ATP 250 санатындағы турнирде топ жарды.

Финалда қазақстандық теннисші әлемнің жетінші және жарыстың бірінші ракеткасы саналатын италиялық Лоренцо Музеттимен кездесті. Бұған дейін екі ойыншы үш рет кортқа шығып, олардың екеуінде Бублик жеңіске жеткен болатын.

Бұл жолы да Бублик қарсыласынан басым түсіп, кездесуді 7:6 (7:3), 6:3 есебімен аяқтады. Бұл жеңіс қазақстандық теннисшіге мансабындағы тоғызыншы ATP титулын алып келді.

Сонымен қатар, алдағы дүйсенбіде жаңартылатын ATP рейтингінде Александр Бублик алғаш рет әлемнің үздік ондығына кірмек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button