
2026 жылғы халықаралық бокс күнтізбесіне сәйкес, қазақстандық боксшылар қатысатын басты жарыстар анықталды, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы.
Маусымның негізгі додаларының бірі — Азия ойындары. Жапонияда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтетін құрлықтық ойындарда Қазақстанның ұлттық құрама мүшелері де рингке шығады.
Сонымен қатар, 28 наурыз — 11 сәуір күндері Моңғолияда ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты ұйымдастырылады.
Желтоқсан айында Сауд Арабиясында жабық ғимараттағы Азия ойындары өтеді.
Әлем кубогы кезеңдері:
-
сәуір айында — Бразилия,
-
маусым айында — Қытай,
ал финалдық кезеңдері қараша және желтоқсанда Өзбекстанда өтеді деп жоспарланған.
Жастар мен жасөспірімдер арасындағы маңызды турнирлер де күнтізбеде бар:
-
Дакар (Сенегал) — 31 қазан — 13 қараша: Жастар арасындағы Олимпиада ойындары,
-
Индонезия — 3 — 16 шілде: 19 және 23 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионаты,
-
Шілде—тамыз айларында — 19 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионаты,
-
Өзбекстан — 1 — 16 тамыз: 15 және 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы ірі халықаралық турнир.
Бұдан бөлек, Қазақстанның 19 жасқа дейінгі боксшылары 8—15 наурыз күндері Таиландта өтетін әлем кубогында бақ сынайды.



