БОКСТРЕНДТЕ

Қайрат Сатжанов Қазақстанның ерлер құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Қазақстанның ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сатжанов қызметінен кетті. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
КФБ мәліметінше, 35 жылдан астам тәжірибесі бар маман денсаулығына байланысты қызметтен босатылды.
Қайрат Сатжанов ұлттық құраманы 2024 жылдың тамызынан бері басқарып келді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы саналатын Сатжановтың жетекшілігімен ерлер командасы бірқатар халықаралық турнирлерде сәтті өнер көрсетіп, әлем чемпионаттарында жүлде алды.
Қазақстанның ерлер құрамасының жаңа бас бапкері болып Нұржан Насанов тағайындалды.
Нұржан Насанов 1975 жылдың 23 қазанында дүниеге келген. 2016 жылдан бастап бапкерлікпен айналысады. Ұлттық құрама штабына 2024 жылдың тамызында қосылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button