
Алматының Қайрат футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі жетінші турда бельгиялық Брюгге командасымен кездеседі. Бұл матчтың билеттері сатылымға шығарылды.
Кездесу 20 қаңтарда «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойынның басталуы — Қазақстан уақытымен 20:30.
Билеттердің құны орын санатына қарай 15, 25 және 35 мың теңге болып белгіленген. Сатып алу барысында ЖСН, ұялы телефон нөмірі және электронды пошта мекенжайын көрсету талап етіледі. Бір қолға екі билеттен артық берілмейді, төлем бір банк картасы арқылы ғана жасалады.
Билеттер электронды форматта рәсімделеді: матч күні SMS-хабарлама жіберіліп, көрсетілген электронды поштаға QR-билет сілтемесі жолданады.
Билеттерді Freedom SuperApp және Qairat SuperApp мобильді қосымшалары арқылы алуға болады.
Билет операторлары жанкүйерлерге тек ресми сервистерді пайдалануға кеңес беріп, делдалдар арқылы сатып алынған билеттер стадионға кіргізбеуі мүмкін екенін ескертті. Мұндай жағдайда қаражат қайтарылмайды.



