
Белгілі Transfermarkt порталы футболшылардың бағасын жаңартып, бірқатар қазақстандық ойыншының нарықтық құны жоғарылағанын жариялады.
Порталдың мәліметінше, соңғы бір жылдағы ең жоғары өсімді Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек көрсетті. Оның трансферлік құны 375 мың еуродан 600 мың еуроға дейін көтерілді (+166%). Сарапшылар мұны отандық футболда сирек кездесетін динамика деп бағалап отыр.
Бағасы қымбаттаған футболшылардың көш басында мына ойыншылар тұр:
-
Ғалымжан Кенжебек — 600 мың еуро (+166%);
-
Максим Самородов («Ахмат») — 1,3 млн еуродан 2,5 млн еуроға дейін (+108%);
-
Әділбек Жұмаханов («Елімай») — 250 мың еуродан 600 мың еуроға дейін (+71%).
Сондай-ақ, трансферлік құны өскендер қатарында жақында шотландиялық «Хартсқа» ауысқан Ислам Чесноков, Дамир Қасабулат («Қайрат»), Стас Покатилов («Сабах»), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Александр Зуев («Тобыл») және Дастан Сәтпаев («Қайрат») бар.



