БАСҚАЛАРЫ
София Актаева Гонконгта өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысады

Гонконгта рапирамен семсерлесуден әйелдер арасындағы Әлем кубогының кезеңі өтеді. Халықаралық жарыс 9–10 қаңтар аралығында ұйымдастырылады.
Аталған додада Қазақстан құрамасының намысын жалғыз ғана спортшы — София Актаева қорғайды. Ол жүлделер мен рейтингтік ұпайлар үшін әлемнің мықты семсерлесушілерімен сынға түседі.
Айта кетейік, София Актаева жыл басында Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде табысты өнер көрсетіп, күміс жүлдеге қол жеткізген болатын. Гонконгтағы жарыс спортшы үшін жаңа маусымдағы маңызды халықаралық старттардың бірі саналады.


