
Қазақстанның ерлер құрамасының боксшылары жаңа спорт маусымына арналған оқу-жаттығу жиынын бастады. Дайындық жұмыстары Түркістан облысындағы оқу-жаттығу базасында өтуде.
Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға еліміздің барлық өңірінен жиналған 50 спортшы қатысып жатыр. Қазіргі кезеңде былғары қолғап шеберлері физикалық және функционалдық дайындықтарын жетілдіруге, сондай-ақ жалпы жаттығу көлемін арттыруға басымдық беруде.
Жиын барысында боксшылардың төзімділігін күшейтуге ерекше назар аударылып, алдағы маусымда өтетін халықаралық және республикалық жарыстарға қажетті базалық дайындық қалыптастырылады.
Айта кетейік, оқу-жаттығу жиыны 25 қаңтарға дейін жалғасады.



