ТЕННИС
Юлия Путинцева Брисбен турнирінің екінші айналымына өтті

Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде қазақстандық теннисші Юлия Путинцева алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Әлемдік рейтингте 74-орында тұрған отандасымыз негізгі жарысқа «Lucky Loser» мәртебесімен қосылған болатын. Ол іріктеу кезеңінде ұтылғанымен, жарыстан бас тартқан чехиялық Каролина Плишкованың орнын алмастырды.
Бұл мүмкіндікті мүлт жібермеген Путинцева алғашқы айналымда америкалық Хейли Баптистаны (WTA 65) айқын басымдықпен ұтты. 1 сағат 6 минутқа созылған кездесу 6:2, 6:4 есебімен аяқталды. Матч барысында Юлия 2 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Енді Путинцева екінші айналымда әлемнің 26-ракеткасы, украиналық Марта Костюкпен кездеседі.



