
Алматылық Қайрат футбол клубы Абу-Дабиде өтетін алғашқы оқу-жаттығу жиынына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады. Алайда бұл тізімде Дастан Сәтпаев жоқ.
Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, Дастан Сәтпаевпен қатар Олжас Байбек пен Азамат Тұяқбаев қазіргі уақытта ем қабылдап, оңалту кезеңінен өтіп жатыр. Осыған байланысты аталған футболшылар Абу-Дабидегі алғашқы жиынға қатыспайды.
Айта кетейік, 2 қаңтарда команда үш апталық демалыстан кейін клуб базасына жиналып, бастапқы медициналық тексеруден өткен. Ал 4 қаңтар күні таңертең «Қайрат» ойыншылары Абу-Даби қаласына аттанып, 15 қаңтарға дейін жалғасатын оқу-жаттығу жиынын бастады. Дайындықтың негізгі мақсаты — ойыншыларды оңтайлы физикалық қалыпқа келтіру және алдағы ресми матчтарға сапалы дайындалу.
Абу-Дабидегі алғашқы оқу-жаттығу жиынына қатысатын ойыншылар тізімі төмендегідей:
Қақпашылар:
Темірлан Анарбеков, Шерхан Қалмұрза, Данила Буч.
Қорғаушылар:
Луиш Мата, Александр Мартынович, Егор Сорокин, Еркін Тапалов, Александр Мрынский, Александр Широбоков, Лев Кургин, Сұлтан Асқаров, Әмірбек Базарбаев.
Жартылай қорғаушылар:
Дан Глейзер, Валерий Громыко, Дамир Қасабулат, Әділет Садыбеков, Яакко Оксанен, Юг Станоев, Мұхамедәли Әбіш, Исмаил Бекболат.
Шабуылшылар:
Жоржиньо, Эдмилсон, Рикардиньо, Рамазан Бағдат, Мансур Биркурманов.



