ФУТБОЛ

Андрей Ульшин «Жеңіс» клубының ойыншысы атанды

25 жастағы жартылай қорғаушы Андрей Ульшин мансабын Жеңіс футбол клубында жалғастырады.

Футболшы кәсіби жолының негізгі бөлігін Қайрат сапында өткізген. Ал өткен маусымда ол Қызылжар командасының намысын қорғады.

Андрей Ульшин Қазақстан Премьер лигасында жалпы 71 матчқа қатысып, 6 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Енді ол «Жеңіс» сапында жаңа маусымда өзін көрсетуге мүмкіндік алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button