ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Қайрат» 2026 жылғы алғашқы оқу-жаттығу жиынын Абу-Дабиде өткізеді

Алматының Қайрат футбол клубы 2026 жылғы алғашқы оқу-жаттығу жиынын Біріккен Араб Әмірліктерінде өткізеді. Команда 4 қаңтар күні таңертең Абу-Даби қаласына аттанып, жиын 15 қаңтарға дейін жалғасады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқу-жаттығу жиынының негізгі мақсаты — ойыншыларды оңтайлы физикалық формаға келтіру және алдағы ресми матчтарға дайындық жүргізу.

Клуб мәліметінше, 2 қаңтарда команда үш апталық демалыстан кейін қайта жиналып, бастапқы медициналық тексеруден өткен.

Абу-Дабидегі дайындық барысында «Қайрат» екі бақылау кездесуін өткізуді жоспарлап отыр. 9 қаңтарда алматылықтар Нефтчи клубымен ойнаса, 14 қаңтарда Вараждин командасына қарсы алаңға шығады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button