ТЕННИСТРЕНДТЕ

Юлия Путинцева Брисбен турниріндегі іріктеу сайысын жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингте 71-орында тұрған Юлия Путинцева Брисбенде өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің іріктеу кезеңінде финалға жолдама алды.

Іріктеу сайысының жартылай финалында Путинцева дүниежүзілік рейтингтің 119-сатысындағы аустралиялық Присцилла Хон спортшымен кездесті. Матч екі сетке созылып, 6:4, 6:3 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды.

Бір сағат 19 минутқа жалғасқан кездесуде Юлия Путинцева 2 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың бесеуін сәтті жүзеге асырды. Ал қарсыласы 3 эйс орындап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Айта кетейік, Путинцева іріктеу кезеңінің финалында келесі қарсыласынан басым түссе, Брисбен турнирінің негізгі жарысына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button