ТЕННИС
Аружан Сағындықова Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші, 21 жастағы Аружан Сағындықова Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан ITF W15 санатындағы турнирдің жұптық сынында жартылай финалға жолдама алды.
Турнирде екінші нөмірмен тіркелген Аружан Сағындықова ресейлік Мария Головинамен бірге ширек финалда Таиланд өкілдері Лунда Кунхом мен Танучапорн Йонгмодқа қарсы ойнады. Кездесу қазақстандық-ресейлік дуэттің айқын басымдығымен өтті. Алғашқы сет 6:2 есебімен аяқталса, екінші партияда да Сағындықова мен Головина 7:5 нәтижесін тіркеді.
Жартылай финалда олар финал жолдамасы үшін үндістандық Иенси Дипакай Канабар мен Ангел Пател жұбымен кездеседі. Аталған үндістандық дуэт бұған дейін Сонай Патил мен Бела Тамханкарды 6:2, 6:3 есебімен жарыстан шығарған.



