
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Францияның Париж қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын ұлттық құрамалардың алдын ала тізімін жариялады.
Ресми дерекке сәйкес, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының сапына сегіз дзюдошы енгізілген.
Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі:
-
48 келіге дейін — Әбиба Әбужақынова
-
60 келіге дейін — Шерзод Давлатов
-
66 келіге дейін — Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев
-
81 келіге дейін — Абылайхан Жұбаназар
-
90 келіге дейін — Айдар Арапов
-
100 келіге дейін — Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров
Айта кетейік, Париждегі Grand Slam турнирі 7–8 ақпан күндері өтеді. Бұл жарыс әлемдік рейтинг үшін маңызды ұпайлар беретін IJF World Tour сериясына кіреді және Олимпиада іріктеуіне тікелей әсер етеді.
Турнир басталғанға дейін құрамаларда өзгерістер болуы мүмкін.



