БОКСТРЕНДТЕ

Геннадий Головкин мен Криштиану Роналду Эр-Риядта жүздесті

World Boxing ұйымының президенті Геннадий Головкин Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта әлемдік футбол жұлдызы Криштиану Роналдумен кездесті.

Екі спортшы бір-бірін жылы қарсы алды. Роналду Головкинді құшақ жая қарсы алып, «Сені көргеніме қуаныштымын, бауырым» деп сәлемдесті. Кездесу сәтінен түсірілген видеоны Геннадий Головкин әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Әңгіме барысында Криштиану Роналду қазақстандық боксшыдан Эр-Риядқа қандай мақсатпен келгенін және спорттық мансабына қатысты сұрақтар қойды. Сондай-ақ футболшы Головкинді Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Айта кетейік, Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубымен келісімшартын 2027 жылға дейін ұзартқан. Қазіргі таңда ол Эр-Рияд қаласында жүр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button