БОКСТРЕНДТЕ

World Boxing нұсқасы бойынша Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова «Жылдың үздік боксшылары» атанды

World Boxing халықаралық федерациясы «Жылдың үздік боксшысы» атағына арналған дауыс берудің қорытындысын жариялады.

Ерлер арасында бұл номинацияда қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан жеңімпаз атанды. Ол Instagram желісіндегі жанкүйерлік дауыс беру барысында ең көп қолдау жинады.

Әйелдер арасындағы дауыс беру нәтижесінде Наталья Богданова «Жылдың үздік боксшысы» деп танылды.

Сонымен қатар Астанада өткен Әлем кубогының ширек финалындағы Махмұд Сабырхан мен филиппиндік Аарон Джуд арасындағы жекпе-жек жылдағы ең үздік айқас ретінде таңдалды.

Айта кетейік, дауыс беру Instagram әлеуметтік желісінде өтті. Ұйымдастырушылар бекіткен ереже бойынша әрбір «лүпіл» бір дауысқа теңестірілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button