ТЕННИСТРЕНДТЕ

Елена Рыбакина Қытайдағы World Tennis Continental Cup турниріне қатысады

Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайда өтетін World Tennis Continental Cup көрме турнирінде өнер көрсетеді.

Қазақстандық теннисші Шэньчжэнь қаласына барып, әуежайда жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді. Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда Рыбакинаның Қазақстан Республикасының көк төлқұжатын ұстап тұрғаны анық байқалады. Бұған дейін Ресей теннис федерациясының президенті Шамиль Тарпищев спортшының тұрғылықты жеріне қатысты пікір білдірген болатын. Алайда Рыбакина халықаралық ареналарда Қазақстан атынан өнер көрсетіп келеді.

World Tennis Continental Cup турнирі 26–28 желтоқсан аралығында өтеді. Жарыс аясында Елена Рыбакина:

  • 26 желтоқсанда әлемнің екінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен кездеседі;
  • 28 желтоқсанда Швейцария теннисшісі, Токио Олимпиадасының чемпионы Белинда Бенчичке қарсы ойнайды.

Сондай-ақ жұптық кездесуде Рыбакина ресейлік Андрей Рублевпен бірге Ига Швентек пен монаколық Валентен Вашеро дуэтіне қарсы кортқа шығады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button