
Бадминтоннан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Бангладештің Дакка қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде финалға шықты.
Жекелей сындағы жартылай финалда қазақстандық спортшы Малайзия өкілі Кон Джон Суинді 2:0 есебімен жеңді — 21:17, 21:18.
Алтын жүлде үшін шешуші кездесуде Панарин тағы бір малайзиялық бадминтоншы Мохаммад Рушданмен кортқа шығады. Турнир Бангладеш астанасында жалғасуда.



