
Күрес түрлерінен жарыс маусымы аяқталып, Біріккен күрес әлемі (UWW) жыл қорытындысы бойынша үздік балуандардың жаңартылған рейтингін жариялады.
Еркін күресте қазақстандықтар арасында ең жоғары нәтиже көрсеткен балуан – Асылжан Есенгелді (61 келіге дейін). Ол маусым соңында 39 200 ұпай жинап, әлемдік рейтингте 4-орынға тұрақтады. Сондай-ақ Камиль Куруглиев (92 келіге дейін) 8-орынды иеленсе, Нұрқожа Қайпанов (70 келіге дейін) үздік ондықты 9-орынмен аяқтады.
Грек-рим күресінде Қазақстан құрамасының төрт балуаны әлемдік рейтингтің алғашқы ондығына енді. 2025 жылғы әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали (60 келіге дейін) 45 000 ұпаймен 5-орынға көтерілді. Мерей Мәулетқанов (72 келіге дейін) пен Ислам Евлоев маусымды 6-орында аяқтаса, Әлімхан Сыздықов (130 келіге дейін) 10-орынға жайғасты.
Әйелдер күресінде де қазақстандық балуандар жоғары нәтиже көрсетті. Жәмиля Бақбергенова (72 келіге дейін) 31 500 ұпаймен рейтингте 6-орынға ие болды. Ал Виктория Хусаинова (59 келіге дейін) 9-орыннан көрінсе, Эльмира Сыздықова (76 келіге дейін) маусымды 10-орынмен қорытындылады.



