
2026 жылдың 19–24 қаңтары аралығында Түркияның Стамбул қаласында әйелдер арасында 18 жасқа дейінгілер санаты бойынша IIA дивизионының әлем чемпионаты өтеді.
Бұл турнирде Қазақстан құрамасы бірінші дивизионның В тобына жолдама алу үшін сынға түседі. Айта кетейік, өткен жылы Мария Федоренко баптайтын команда осы жарыста күміс медаль иеленген болатын.
Қазақстан құрамасының матчтар кестесі (Астана уақытымен):
-
19 қаңтар, 18:30 — Қазақстан – Жаңа Зеландия
-
20 қаңтар, 15:00 — Қазақстан – Латвия
-
22 қаңтар, 22:00 — Қазақстан – Түркия
-
23 қаңтар, 18:30 — Қазақстан – Нидерланд
-
25 қаңтар, 18:30 — Қазақстан – Оңтүстік Корея
Ұлттық құраманың бұл жарыстағы басты мақсаты — дивизиондағы орнын жоғарылатып, элиталық топқа жақындай түсу.



