ММАТРЕНДТЕ

Аян Тұрсын АҚШ-та чемпиондық белдік үшін жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Аян Тұрсын (8–1) америкалық Cage Fury Fighting Championships (CFFC) лигасы аясында чемпиондық белдікке таласады.

Бұған дейін ушудан Ханчжоуда өткен Азия ойындарының қола жүлдегері атанған отандасымыз енді ММА-да да жоғары мақсат қойып отыр. Ол алдағы жекпе-жекте жеңіске жетсе, UFC тарихындағы екінші қазақ әйелі атануға бір қадам жақындайды. Сонымен қатар 31 жастағы спортшы АҚШ-тағы өзге де маңызды турнирлер арқылы әлемнің үздік лигаларының скауттарының назарын аударуды көздейді.

Аян Тұрсын 6 ақпан күні Филадельфия қаласында (Пенсильвания, АҚШ) жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белдік үшін жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы — жеңіліп көрмеген жапониялық файтер Ариса Мацуда (7–0).

Айта кетейік, қазақстандық спортшы бұған дейін Octagon және Dala Fighting Championship лигаларында өнер көрсеткен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button