
Қазақстандық жас теннисші Ахмади Мақанов 2025 жылдың қорытындысы бойынша Tennis Europe Tour ұйымдастыратын марапатта «Үздік шетелдік ойыншы» атағына ие болды. Ол Еуропа одағына кірмейтін елдер арасынан ең жоғары нәтиже көрсеткен спортшы ретінде танылды.
Маусым барысында Ахмади айтарлықтай жетістіктерге жетіп, 16 жасқа дейінгілер арасындағы Еуропа рейтингін 24-орынмен аяқтады. Стокгольмде өткен дәстүрлі Король кубогында (14 жасқа дейін) жекелей сында чемпион атанды. Сондай-ақ жұптық сында Avenue Cup, Tim Esson және Breslav Open турнирлерінде топ жарды. Жекелей жарыстарда Tennis Europe додасында финалға дейін жетті.
Бұдан бөлек, Майамиде өткен беделді Eddie Herr International Junior Championship турнирінің жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші атанды.
Ақтөбе теннис мектебінің түлегі Ахмади Мақанов Team Kazakhstan академиясында дайындалады. Оның жеке бапкері — Павел Цой.



