БОКСТРЕНДТЕ

Қанат Исламның Алматыдағы жекпе-жегі кейінге қалдырылды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Алматыда өтуі тиіс жекпе-жегінің кейінге шегерілгенін хабарлады.
Спортшының айтуынша, 27 желтоқсанға жоспарланған бокс кешіне ол қатыса алмайды. Бұған қарсыласқа байланысты бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер себеп болған.
– Құрметті жанкүйерлер, 27 желтоқсанда Алматыда өтетін бокс кешінде мен шаршы алаңға шықпаймын. Қазіргі таңда қарсыластарға қатысты қиындықтар туындап отыр. Егер бәрі реттелсе, жекпе-жек шамамен бір жарым айдан кейін өтеді. Нақты күн анықталған соң міндетті түрде хабарлаймыз, – деді Қанат Ислам әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, 41 жастағы боксшы – 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері. Ол аталған кеште кәсіпқой рингке қайта оралуы тиіс болған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button