
Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай өз салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтің бірінші орнын сақтап қалды. Ол 50 келіге дейінгі дивизионда көшбасшы ретінде маусымды жалғастырып келеді.
2023 жылы әлем чемпионы атанған спортшы халықаралық ареналарда тұрақты жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Бұған дейін Мөлдір Жаңбырбай 2021 жылы кумитеден Азия чемпионы атанып, сол жылы командалық кумитеде қола жүлдеге қол жеткізген. Ал 2023 жылғы Азия чемпионатында жекелей сында күміс медаль иеленді.
1997 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген спортшы бүгінде қазақстандық каратэнің жетекші тұлғаларының бірі саналады.



