ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Футболдан Қазақстан құрамасының FIFA рейтингіндегі көрсеткіші жақсарды

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (FIFA) ерлер арасындағы ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады.
Жаңа тізімге сәйкес, Қазақстан ұлттық құрамасы бір сатыға жоғарылап, 115-орыннан 114-орынға көтерілді.
Талғат Байсуфинов жетекшілік ететін команда қараша айында екі кездесу өткізген болатын. 15 қарашада қазақстандық футболшылар өз алаңында Бельгия құрамасымен 1:1 есебімен тең ойнап, маңызды ұпайға қол жеткізді. Бұл нәтиже ұлттық құраманың рейтингтегі позициясын жақсартуға әсер етті.
Ал 18 қарашада Фарер аралдарына қарсы өткен жолдастық матчта Қазақстан құрамасы 0:1 есебімен жеңіліс тапты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button