
Түркияның Анталия қаласында өткен ITF W15 санатындағы турнирде қазақстандық теннисшілер Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай жұптық сында жеңімпаз атанды.
Төртінші нөмірмен тіркелген қазақстандық дуэт финалда армениялық Ани Амирагян мен түркиялық Ада Кумруға қарсы ойнады. Кездесудің алғашқы сетінде қарсыластар 7:5 есебімен алға шыққанымен, екінші партияда Асылжан мен Іңкәр есепті теңестірді — 6:4.
Шешуші супер тай-брейкте қазақстандықтар 11:9 есебімен басым түсіп, турнирдің чемпиондық атағын жеңіп алды.



