ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Али Алиев «Жеңіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды

Елордалық «Жеңіс» футбол клубының бас бапкері қызметіне тәжірибелі маман Али Алиев келді. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлады.

Али Алиев 1980 жылы дүниеге келген. Ол кәсіби футболшы ретіндегі мансабын 1998 жылы Алматының ЦСКА–«Қайрат» клубында бастады. Кейін «Қайрат», «Ертіс», «Тобыл», «Восток», «Ордабасы» секілді қазақстандық командалардың, сондай-ақ Түркияның «Акчаабат Себатспор», «Кайсери Эрджиесспор», «Карталспор» және «Диярбакырспор» клубтарының намысын қорғады.

2015–2018 жылдары «Қызылжар» сапында өнер көрсетіп, кейін сол команданың бас бапкері болды. Биыл Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарып, бес турдан кейін бұл лауазымнан кеткен еді.

Енді Али Алиев елордалық «Жеңістің» жаңа маусымдағы нәтижелері үшін жауап береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button