БАСҚАЛАРЫ

Үш қала үстел теннисінен Қазақстан ашық чемпионатының қорытынды турын қабылдайды

19–21 желтоқсан аралығында үстел теннисінен Қазақстанның ашық командалық чемпионатының шешуші турының матчтары өтеді.

Қорытынды ойындар Астана, Алматы және Павлодар қалаларында ұйымдастырылады. Тур нәтижесінде 2, 3, 4, 5 және 6-лигалардағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Қазіргі таңда лигалардағы көшбасшылар төмендегідей:

2-лига (Павлодар):
1-орын — Қарағанды-2
2-орын — Қарағанды-3
3-орын — «Сұңқар» (Шымкент)

3-лига (Павлодар):
1-орын — ШҚО-1 (Өскемен)
2-орын — SaryArka (Астана)
3-орын — Deaf (Қостанай)

4-лига (Астана):
1-орын — Түркістан
2-орын — Almaty (Алматы)
3-орын — Altay Pro-2 (Өскемен)

5-лига (Астана):
1-орын — Қостанай
2-орын — Stiga (Алматы)
3-орын — Shymkent (Шымкент)

6-лига (Алматы):
1-орын — «CNPC Ақтөбемұнайгаз»
2-орын — ШҚО-2 (Өскемен)
3-орын — «Яссы» (Түркістан)

Шешуші тур командалардың маусым бойғы нәтижесін түйіндеп, чемпионаттың толық қорытындысын айқындайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button