
24 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтетін 2026 жылғы юниорлар арасындағы Australian Open турнирінің негізгі кезеңіне қатысушылар тізімі белгілі болды.
Аталған жарыстың негізгі кестесінде Қазақстаннан үш теннисші өнер көрсетеді. ITF юниорлар рейтингінде 24-орында тұрған Занғар Нұрланұлы турнирге 10-нөмірмен тіркелсе, сондай-ақ Дамир Жалғасбай (ITF Juniors — 60) мен Даниэль Тазабеков (ITF Juniors — 94) те негізгі сеткадан бақ сынайды.
Айта кетейік, бұл үш теннисші өткен маусымда юниорлар арасындағы командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңінде бірге өнер көрсеткен. Сергей Квак жаттықтыратын Қазақстан құрамасы сол турнирде төрт дүркін әлем чемпионы Францияны жеңіп, жалпы есепте бесінші орынға тұрақтаған еді.



