БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Астанада бадминтоннан халықаралық турнир старт алды

Астанада бадминтоннан ірі халықаралық турнир басталды. Дүбірлі додаға әлемнің 43 елінен келген спортшылар қатысуда.

Жарыс жекелей, жұптық және аралас разрядтар бойынша өтеді. Турнир матчтары Beeline Arena спорт кешенінде ұйымдастырылып жатыр.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы сапында Олимпиада ойындарының қатысушысы Дмитрий Панарин де өнер көрсетуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button