БОКСТРЕНДТЕ

Шымкент боксшылары Қазақстан бокс федерациясы Кубогын жеңіп алды

Астанада Қазақстан бокс федерациясы Кубогының финалдық кезеңі аяқталып, жүлдегерлер анықталды.

Шешуші кездесуде Шымкент пен Астана қалаларының құрамалары жолықты. Тартысты өткен финалда шымкенттік боксшылар 9:6 есебімен басым түсіп, турнирдің бас жүлдесін иеленді.

Қола жүлде үшін өткен кездесуде Қарағанды облысының командасы Маңғыстау облысының құрамасын жеңді.

Айта кетейік, жүлде қоры 150 мың АҚШ долларын құрайтын Қазақстан бокс федерациясы Кубогы өңірлерде боксты дамытуға және жас спортшыларды қолдауға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button