ММАТРЕНДТЕ

Асу Алмабаев UFC рейтингінің үздік бестігіне жақындады

MMACrossfire.com порталы қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегінде жеңіске жетсе, UFC-дің ең жеңіл салмақтағы рейтингінде үздік бестікке енуі мүмкін екенін хабарлады.

Алмабаев 2025 жылғы 28 ақпанда Мехико қаласында UFC-дің бұрынғы чемпионы Брэндон Мореномен кездеседі. Қазақстан уақытымен жекпе-жек 1 наурыз күні таңғы уақытта өтеді.

Қазір 31 жастағы қазақстандық спортшы дивизион рейтингінде жетінші орында тұр. Ол соңғы үш жекпе-жегінің екеуінде жеңіске жеткен. Соның ішінде қараша айында Қатарда өткен UFC турнирінде Алекс Пересті тұншықтыру әдісімен жеңіп, сенімді өнер көрсетті.

Басылым мәліметінше, Мореномен болатын жекпе-жекте ірі жеңіске жету Алмабаевтың рейтингтегі позициясын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді және оны үздік бестікке бір табан жақындатады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button