ҚЫСҚЫ СПОРТ
Евгений Кошкин конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінде алтыншы орын алды

Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Норвегияның Хамар қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде үздік нәтиже көрсетті.
500 метр қашықтықта сынға түскен отандасымыз мәреге 34,56 секундта жетіп, жалпы есепте алтыншы орынға ие болды.
Бұл жарыста АҚШ өкілі Джордан Штольц жеңіске жетті (34,14). Күміс жүлдені поляк спортшысы Дамиан Журек (34,14) иеленсе, қола медаль жапониялық Юта Хироисеге (34,44) бұйырды.



