ҚЫСҚЫ СПОРТ
Биатлоннан Әлем кубогы: Қазақстан эстафетада 19-орын алды

Австрияның Хохфильцен қаласында биатлоннан Әлем кубогының екінші кезеңі аяқталды.
Соңғы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы 4×7,5 шақырымдық эстафетаға қатысты. Никита Акимов, Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Кирилл Бауэрден құралған ұлттық құрама мәреге 19-шы болып жетті.
Эстафетада Норвегия құрамасы жеңіске жетті. Франция екінші орын алса, Швеция үздік үштікті түйіндеді.



