БОКСТРЕНДТЕ

Оразбек Асылқұлов әлем чемпионы атанды

Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының боксшысы Оразбек Асылқұлов (57 келі) алтын медаль жеңіп алды.

Финалдық жекпе-жекте отандасымыз тәжікстандық Хусравхон Рахимовпен кездесіп, айқын басымдық танытты. Бірінші раундта төрешілердің шешімі Оразбектің пайдасына шықты. Кейінгі раундтарда да қазақстандық боксшы шабуыл қарқынын сақтап, жекпе-жекті өз бақылауында ұстады.

Нәтижесінде Оразбек Асылқұлов сенімді жеңіске жетіп, әлем чемпионы атағын иеленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button